auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бразилия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бразилия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
©FIFA

Бес дүркін әлем чемпионы Бразилия құрамасы Катардағы мундиальді сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бірінші турдағы соңғы матчте Бразилия G тобы аясында Сербиямен кездесті. Турнир фавориті саналатын Бразилия футболшылары үзіліске дейін жоғары деңгейлі ойын көрсете алмады. Есеп ашатын мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал сербтер шабуылға көп бармай, қорғаныста ойнады.

Үзілістен кейін Бразилия құрамасы шабуылды шабуылға ұластырды. Екінші таймның өзінде қарсылас қақпасына 17 соққы жасады. Сербтерді екі рет қақпа бағанасы құтқарып қалды.

62-минутта Винисиус Жуниордың соққысынан кейін доп бағанаға тиіп, кері серпілген. Допқа бірінші жеткен Ришарлисон есеп ашты. 

Ал 73-минутта Ришарлисон дубль авторы атанды. Винисиустың пасынан кейін футболшы қайшылай теуіп, есепті 2:0 қылды. Жанкүйерлер мен БАҚ бұл әлем чемпионатындағы үздік гол болуы мүмкін екенін жазып жатыр.

Шабуылдағанды жақсы көретін бразилиялықтар қалған уақытта да қарсыластың жарты алаңында өткізді. Бірақ үшінші голын соға алмады. Ал Сербия құрамасының есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндігі болмады - еуропалық ұжым 90 минутта үш қана соққы жасады, үшеуі де қиыс кетті.

Осы жеңістен кейін Бразилия үш ұпаймен G тобында көш бастады. Швейцария үш ұпаймен екінші орында. Камерун мен Сербияда ұпай жоқ.

Бразилия құрамасы келесі матчін 28 қарашада Швейцарияға қарсы өткізеді. Ал Сербия Камерунмен кім мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама