Бразилия командасы Камерунмен матчта қандай құрам шығаратыны белгілі

©zv.zp.ua

Бразилия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының үшінші турында Камерунмен өтетін матчта қандай құраммен ойнайтыны белгілі. Бұл туралы O Globo порталы хабарлады.

Белгілі болғандай, аталмыш кездесуде оңтүстік америкалықтар сапында негізгі ойыншылар алаңға шықпайды. Бапкерлік штаб осындай шешімге келген. Басты себеп – команданың плей-офф раундына жолдама алуында. Сонымен қатар, жарақаттарына байланысты Неймар, Алекс Сандро және Данило әлі де толыққанды өнер көрсете алмайды.

Еске салайық, Бразилия G тобында Сербияны (2:0) және Швейцарияны (1:0) ұтып 6 ұпаймен көш бастап тұр. Камерун мен Бразилия ойыны 2 желтоқсанда Лусаил стадионында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport