Футбол
Бүгін 09:56

Бразилия ӘЧ-2026 ширек финалына жолдама үшін кіммен ойнайды?

©Depositphotos/delmiro@gmail.com

Жапонияны жарыстан шығарған Бразилия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы қарсыласын белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Карло Анчелотти жаттықтыратын команда 1/16 финалда Жапонияны 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.


Енді Бразилия 1/8 финалда Кот-д'Ивуар мен Норвегия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Бұл кездесу бүгін, 30 маусымда, Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Ширек финалға жолдама сарапқа салынатын Бразилияның қатысуымен өтетін матч 6 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, жүлде үшін күресті жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport