Футбол
Бүгін 10:41

Бразилия 2026 жылғы ӘЧ-ге құрамын жариялады: Анчелотти Неймарға қатысты шешімін түсіндірді

©Depositphotos/DURAOFOTO

Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Карло Анчелотти жаттықтыратын Бразилия құрамасына 26 футболшы шақырту алды. "Селесаоның" тізіміне 34 жастағы Неймар да енді.

Италиялық маман "Сантос" шабуылшысын не үшін құрамға қосқанын түсіндірді.

"Неймар әлем чемпионатында біз үшін маңызды ойыншы болады. Біз бір жыл бойы оның ойынын бақыладық. Соңғы уақытта Неймардың ойынында тұрақтылық пайда болғанын және оның жақсы физикалық формада жүргенін байқадық", - деді Карло Анчелотти.

Неймар Бразилия құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген. Ол ұлттық құрама сапында 79 гол соққан. Ол "селесао" құрамасында 2010 жылдан бері ойнап келеді. Соңғы рет ұлттық команда сапында 2023 жылдың қазан айында алаңға шыққан.

Биылғы клубтық маусымда футболшы 15 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

"Зениттің" екі ойыншысы шақырту алды

Бразилия құрамасының тізіміне Санкт-Петербургтің "Зенит" клубынан екі ойыншы да енді.

32 жастағы Дуглас Сантос осы маусымда "Зенит" сапында 25 матч өткізіп, екі гол соқты. Ресей паспорты бар қорғаушы ұлттық құрамаға қайта шақырту алды. Ал 25 жастағы Луис Энрике 34 матчта алты голдың авторы атанған.

Бразилия құрамасының ЧМ-2026-дағы құрамы

Қақпашылар:
Алиссон ("Ливерпуль"), Эдерсон ("Фенербахче"), Вевертон ("Гремио").

Қорғаушылар:
Алекс Сандро ("Фламенго"), Бремер ("Ювентус"), Данило ("Фламенго"), Дуглас Сантос ("Зенит"), Габриэл ("Арсенал"), Рожер Ибаньес ("Аль-Ахли"), Лео Перейра ("Фламенго"), Маркиньос ("Пари Сен-Жермен"), Уэсли ("Рома").

Жартылай қорғаушылар:
Бруно Гимарайнс ("Ньюкасл"), Каземиро ("Манчестер Юнайтед"), Данило ("Ботафого"), Фабиньо ("Аль-Иттихад"), Лукас Пакета ("Фламенго"), Луис Энрике ("Зенит").

Шабуылшылар:
Эндрик ("Лион"), Габриэл Мартинелли ("Арсенал"), Игор Тиаго ("Брентфорд"), Матеус Кунья ("Манчестер Юнайтед"), Неймар ("Сантос"), Рафинья ("Барселона"), Райан ("Борнмут"), Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид").

Айта кетейік, әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

С тобына түскен Бразилия құрамасы Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларымен кездеседі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport