"Бір рет ұтқан, қазір бәрі басқаша". Серб журналисі "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы жайлы
Сербиялық белгілі SrbijaDanas.com порталының журналисті Михайло Тркуля Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундындағы "Қайрат" пен "Црвена Звезда" ойынына болжамын айтты.

"Өткен кездесу "Црвена Звездамен" ойынға ойша дайындалып қойған "Маккабиге" ауыр тиді. Қазір Еуропада әлсіздігі анық команда қалған жоқ. "Қайрат" келесі турға өту үшін шеберліктері жетерлік екенін көрсетті.
"Қайрат" бірнеше жыл бұрын "Црвена Звезданы" ұтқаны есімде. Ол кезде сербиялық футболшылар жақсы ойнай алмады. Қазір бәрі басқаша. Команда ел чемпионатын бірнеше тур бұрын жеңіп алды. Қазір команданың негізі мықты және топтық кезеңге өтуге ынталанған. Бірінші матч Қазақстанда, бұл алматылықтарға басымдық беріп тұр.
Меніңше бұл турда "Црвена Звезда" жеңеді, дегенмен, босаңсуға болмайды. "Қайрат" кез келген қарсыласқа қиындық тудырады", - деп атап өтті Тркуля.
Жарнама