"Бір өзі жарты командаға татиды". Антон Чичулин "Шахтер" клубына топтық кезеңге өту үшін қандай тактикамен ойнау керегін айтты

©сурет: Казфутбол

Бүгін футболдан Конференция Лигасының плей-офф раундында "Шахтер" "Астана Аренада" Израильдің "Маккабиін" қабылдайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Сайтымызға арнайы сұхбат берген экс-футболшы Антон Чичулиннің пікірінше, кеншілер қос матчтің қорытындысы бойынша израильдік команданы жеңетін қауқары бар дейді.

"Маккаби" еурокубоктегі тәжірибесі мол, мықты команда. Менің ойымша, "Шахтер" өз алаңындағы матчта бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс. Себебі қонақта аптап ыстық пен қапырық болады. Кезінде Израиль клубтарына қарсы ойнағанмын. Қарағандылықтар бірінші кездесуде қақпасына гол өткізбесе, топтық кезеңге шығу мүмкіндігі арта түспек. Егер бапкер қорғанысқа жақсылап көңіл бөлсе, жылдам қарымта шабуылдар ұйымдастыруға болады. "Шахтердің" де Еуро турнирлерінде тәжірибесі бар. Оның үстіне кеншілердің қақпашысын ерекше атап өтер едім. Бір өзі жарты командаға татиды. Сонымен қатар, "Шахтер" клубы "Астана" командасы секілді жасанды төсеніште жақсы доп тебе алады. Кезінде олар "Селтик" сынды басқа да гранд командаларды сол аренада ұтқан", - дейді Чичулин.

Еске салайық, Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойын "Астана Аренада" елорда уақытымен 19.00-де басталады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: