Бір ойыншыдан айырылған ПСЖ жеңісті жіберіп алды

©ODDS.ru

"Пари Сен-Жермен" футболдан Франция чемпионатының 20-турында "Реймсті" ұта алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 51-минутта Неймар гол салды. Алаң қонақтары 90+6-минутта Фоларин Балогун арқасында есепті теңестірді. Алайда бұл уақытта париждіктер азшылықта ойнаған еді, Марко Верратти 59-минутта алаңнан қуылды.

ПСЖ тең ойынға қарамастан, 48 ұпаймен турнир кестесінде көш басында қалды, екінші орындағы "Ланспен" (45) айырмашылық үш балл. "Реймс" 26 ұпаймен 11-орында. 

1 ақпандағы келесі турда "Реймс" өз алаңында "Лорьянмен", ал ПСЖ сырт алаңда "Монпелье" командасымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар