Футбол
22 тамыз 2021 13:14

Бір маусымда үшінші рет. "Қайрат" бас бапкерге қатысты бір шешімге келді

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық футбол клубы команданың бас бапкерінің кандидатурасын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz

"Тень отца Гурмана" Telegram-арнасының ақпараты бойынша, жаттықтырушы ресейлік маман Құрбан Бердыев болады. Тағайындау туралы 22 тамызда жариялануы мүмкін. 

"22 тамызда, жексенбіде "Қайратта" толыққанды бас бапкер болады. Ол ресейлік маман Дмитрий Кириченко болуы мүмкін, ол Алматыда. Бірақ "Қайратты" Құрбан Бердыев алатын шығар, "Ростовта" да солай болған, Құрбан Бекиевич басқарған кезде Кириченко оның көмекшісі еді"

Еске салайық, алматылық клуб 2021 жылғы маусымды Алексей Шпилевскийдің басшылығымен бастады, маусымда оның орнына Кирилл Кекер келді, ол Еуропа Лигасы саралауында "Алашкерттен" жеңілгеннен кейін отставкаға кетті. Қазір бас бапкердің міндетін уақытша Артем Гавриленко атқарады", - деп жазады ақпарат көзі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport