Футбол
22 қазан 17:31

БІр матчте үш гол салған Месси 25 бұрынғы рекордты қайталады

©"Интер Майами" ФК

Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси "Нью-Инглэнд Революшн" командасына қарсы ойында хет-трик жасады. 

Бұл матчте "Интер Майами" 6:2 есебімен ұтты. Өзге ойыншыны алмастарып, алаңға шыққан Месси үш гол салды.

Аргентиналық футболшы матчтің үздік ойыншысы атанды.

Лига баспасөз қызметінің мәліметінше, Месси осы маусымда алтыншы рет матчтің үздік ойыншысы атанып отыр. Осылай ол 1999 жылы "Даллас" үшін ойнаған Джейсон Крайстың рекордын қайталады. 2019 жылы бұл жетістікті "Лос-Анджелес" шабуылшысы Карлос Вела қайталаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport