Футбол
30 мамыр 2020 14:39
 
Бір матчте жалғыз гол салған 20 жастағы футболшы Бундеслигада рекорд орнатты

  Пікірлер

blog.share

Бір матчте жалғыз гол салған 20 жастағы футболшы Бундеслигада рекорд орнатты Сурет: Football.ua

Леверкузендік "Байердің" жартылай қорғаушысы Кай Хаверц футболдан Германия чемпионатында жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Eurosport.

Германия чемпионатының 29-шы турындағы "Фрайбургпен" матчтегі гол 20 жастағы футболшы үшін турнирдегі отыз бесіншісі болды. Хаверцке дейін Бундеслигада 21 жасқа толмаған ешбір футболшы 35 гол салмаған екен. 

Хавбек "Фрайбург" қақпасына 54-ші минутта гол салды, ал 66-шы минутта жарақатқа байланысты алмастырылды. Кай салған доп бұл матчтегі жалғыз гол болды - есеп 1:0.

2019/20 маусымында ойыншы "Байер" үшін барлық турнирдегі 38 матчте 15 гол салған.

Жарнама

Живи спортом!