Футбол
26 шілде 2018 10:48
 
Бір көзі көрмейтін футболшы матчтағы ең әдемі голды салды

  Пікірлер

blog.share

Бір көзі көрмейтін футболшы матчтағы ең әдемі голды салды Марио Рикардо. Сурет: twitter.com

Парагвайдың үшінші лигасындағы "Кристобаль Колон" командасының футболшысы Марио Рикардо ойын кезінде тамаша гол салды, - деп хабарлайды Eurosport.

Парагвай кубогындағы "Серро Портеньо" командасымен ойын кезінде Рикардо допты қабылдап, қарсыласынан асырып, әуедегі допты қақпаға тебеді. Көлденең ұшқан доп қақпаның сол жақ жоғары бұрышына (тоғыздық) кірді. 

"Допты тиген соң, қақпаға салудан ұялмадым", - дейді футболшының өзі. 

Марио Рикардо 28 жаста. Бала кезінде жол апатына түсіп, сол көзі көрмей қалған. Дегенмен футбол ойнауын тоқтатпай келеді. Бұл деңгейдегі футболмен отбасын асырауға келмейтіндіктен, Рикардо команданың өзге мүшелері сияқты жұмыс істейді. 

Ойынның өзі "Серро Портеньо" жеңісімен аяқталды, есеп 3:1. Бұл матчта өз командасы үшін Рикардо ғана гол сала алды. 

Жарнама

Живи спортом!