Футбол
11 қараша 2021 04:07

Бір клубта ойнайтын Месси мен Рамос әлі достаспаған

©globallookpress

ПСЖ клубына жазғы трансферлік маусымда "Барселонадан" ауысқан Лионель Месси мен "Реалдан" келген Серхио Рамос әлі күнге дейін достық қарым-қатынас орнатпаған. Бұл туралы Францияның L’Equipe басылымы жазады.

Басылымның мәліметінше, испаниялық қорғаушы париждіктердің бірқатар футболшысымен жылы қатынас орнатқан. Рамос пен Месси екеуінің бір-біріне сәлемдері түзу болғанымен, 10 жылдан астам уақытта "Барселона" мен "Реал" арасындағы "эль классико" матчтары өз ізін қалдырғанға ұқсайды.

Айта кетейік, Рамос 2005-2021 жылдар аралығында "корольдік" клуб сапында доп тепсе, аргентиналық шабуылшы "блаугрананың" намысын 2003-2021 жылдары қорғады. Бір қызығы екеуі де "эль классикода"  45 ойыннан өткізген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport