Футбол
5 қараша 12:32

Бір жыл бойы емделген Неймар қайта жарақат алды

©championat.com

Бразилиялық танымал футболшы Неймар 1 жылдан кейін футболға оралған еді. Алайда кешегі ойында ("Әл-Хилал" - "Эстегляль") жарақаты қайта сыр беріп, матчты ерте аяқтады. 

Неймар 57-минутта алаңға шыққан еді. 86-минутта орнын қайта босатты. Ескі жарақаты сыр берді. Бұл Неймардың 1 жылдан кейін шыққан екінші ойыны еді. 

Шабуылшы қайта ойнау үшін кемі тағы бір ай емделуі қажет. 

Айта кетейік, бұған дейін Неймар Қазақстанның "Семей" командасына жаңа маусымда сәттілік тілеген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport