Футбол
10 қараша 2023 13:00

Бір ғасырдан кейін алғаш рет. ПСЖ ойыншысы тарихқа кіріп отыр

©smi24.kz

Футболдан франция құрамасына "Пари Сен-Жермен" футболшысы Уоррен Заир-Эмери бірінші рет шақыртылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Sport24 мәліметінше, Заир-Эмери 17 жас 8 ай 1 күнінде 1914 жылдан бері Франция құрамасына шақыртылған ең жас ойыншы болып отыр. 

Франциялықтар Еуро-2024 іріктеуі аясында Гибралтар (18 қараша) және Грекиямен (21 қараша) ойнайды. 

Франция құрамасының тізімі:

қақпашылар: Альфонс Ареола ("Вест Хэм"), Майк Меньян ("Милан"), Брис Самба ("Ланс");

қорғаушылар: Жонатан Клосс ("Марсель"), Жан-Клер Тодибо ("Ницца"), Лукас Эрнандес (ПСЖ), Тео Эрнандес ("Милан"), Ибраима Конате ("Ливерпуль"), Жюль Кунде ("Барселона"), Уильям Салиба ("Арсенал"), Дайо Упамекано ("Бавария");

жартылай қорғаушылар: Эдуардо Камавинга ("Реал"), Юсуф Фофана ("Монако"), Бубакар Камара ("Астон Вилла"), Адриен Рабьо ("Ювентус"), Уоррен Заир-Эмери (ПСЖ);

шабуылшылар: Кингсли Коман ("Бавария"), Килиан Мбаппе, Усман Дембеле, Рандаль Коло-Муани (бәрі - ПСЖ), Оливье Жиру ("Милан"), Антуан Гризманн ("Атлетико"), Маркус Тюрам ("Интер").

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport