Бір ғана шарт. "Әл-Наср" Роналдуды Еуропаға қайтаруға дайын

©globallookpress.com

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жалға алу құқымен "Ньюкасл" клубына өтуі мүмкін. Егер англиялық команда Чемпиондар лигасына жолдама ала алса. 

Marca басылымының мәліметінше, португалиялық шабуылшының "Аль-Насрмен" келісімшартында Эдди Хау жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасына жолдама алса, Роналду англиялық клуб сапына ауыса алады деген тармақ бар.

Бұл клубқа Сауд Арабиясы Мемлекеттік инвестициялық қоры иелік ететінін айта кетейік. 

Мұның алдында Роналду "Әл-Насрмен" 2,5 жылдық келісімшартқа отырып, жылына 200 миллион еуро табыс көретіні хабарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport