Босниямен кездесу алдында Қазақстан құрамасының үш футболшысы жарақат алды

©ҚФФ

Әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында Қазақстан құрамасының үш ойыншысы жарақат алды. Енді олар алдағы Босния және Герцоговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспай қалуы мүмкін. 

Жарақат алған футболшылар - Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиулин.

Руслан Валиулин мен Марат Быстров Нұр-Сұлтан қаласында Украинаға қарсы өткен кездесуде жарақат алған. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымданған. Ал Руслан Валиулиннің сіңірі созылған.

Финляндия - Қазақстан матчі кезінде Абат Айымбетов иығын ауыртып алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Бұл футболшыларға қатысты соңғы шешімді ертең команда дәрігері ойын алдында айтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии