Футболдан Босния және Герцеговина чемпионатының оныншы турында "Вележ" өз алаңында "Борацтан" 0:2 есебімен ұтылып, кездесу 82-минутта аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч аяқталмай жатып, алаңға ашулы жанкүйерлер жүгіріп шығып, төбелес ұйымдастырған.
Ойыннан кейін жанкүйерлер машинаны, төрешілер мен инспекторды қуып жетіп, оған от лақтырған, адамдарға таяқпен шабуыл жасаған. Нәтижесінде көлік өртенді, инспектор ауруханаға түсті, ал полиция қылмыскерлерді іздестіруде.
"Вележ" президенті Шемсудин Хасич барлық ойында төрешіге көңілі толмайтынын жеткізді.
Тәртіпсіздік нәтижесінде Босния және Герцеговина футбол қауымдастығы "Вележге" автоматты жеңліс және ірі айыппұл салады. Алаңнан алты ойыншы қуылды. Ал "Вележ" басшысы Хасич екі жылға жұмысынан шеттетілді.
Кестеде "Борац" 13 ұпаймен бесінші орында, ал "Вележ" 12 ұпаймен жетінші орында келеді.