2021 әлем чемпионатының іріктеуінде Босния және Герцеговина мен Финляндия құрамаларына қарсы кездесуге Қазақстанның екі ойыншысы қатыса алмайды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
Алдағы кездесулерде "Тобылдың" капитаны Азат Нұрғалиев пен "Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначев болмайды.
Бұл ойыншылардың орнына шабуылшылар Алексей Щеткин мен Роман Муртазаев және қорғаушы Дмитрий Шомко шақырту алды.
Еске салайық, Боснияға қарсы Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері 9 қазан күні "Астана Аренада" кездесу өткізсе, үш күннен кейін осы стадионда Финляндияға қарсы кездесу өткізеді.