Футбол
10 қыркүйек 2021 13:01

Босния құрамасына қарсы екінші кездесуде Қазақстан командасының жартылай қорғаушысы қатыса алмайтын болды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының 24 жастағы футболшысы Владислав Васильев әлем чемпионатына іріктеуде Босния және Герцеговина құрамасына қарсы екінші кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Өзбекстандық "Әндіжан" командасының жартылай қорғаушысы Зеница қаласында Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткен кездесуде сары қағаз алды. Бұл Васильевтің іріктеудегі екінші сары қағазы. Сондықтан ол алдағы ойынға қатыса алмайды. 

Еске салайық, Босния және Герцеговина құрамасына қарсы екінші кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жалпы бұл іріктеу кезеңінде Владислав Васильев төрт матчке қатысқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport