Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы кездесуге қатысатын Босния және Герцеговинаның құрамы белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Бұл ойын 9 қыркүйек күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Алдағы кездесуде босниялықтардың бас бапкері Ивайло Петев мына ойыншыларды шақырған.
Қақпашылар: Ибрахим Шехич ("Коньяспор", Түркия), Никола Василь ("Санкт-Паули", Германия), Кенан Пирич ("Атромитос", Грекия);
Қорғаушылар: Бранимир Ципетич ("Локомотив", Хорватия), Матео Сушич (ЧФР, Румыния), Юсуф Газибегович ("Штурм", Аустрия), Сеад Колашинац ("Арсенал", Англия), Элдар Чивич, Аднан Ковачевич (екеуі де - "Ференцварош", Венгрия), Анел Ахмедходжич ("Мальме", Швеция), Деннис Хаджикадунич ("Ростов", Ресей), Синиша Саничанин ("Партизан", Сербия), Александар Йовичич ("Горица", Хорватия), Айдин Нукич ("Тузла");
Жартылай қорғаушылар: Амир Хаджиахметович ("Коньяспор", Түркия), Стипе Лончар ("Ференцварош", Венгрия), Миралем Пьянич ("Бешикташ", Түркия), Амер Гояк ("Динамо" Загреб, Хорватия), Гойко Цимирот ("Стандард", Бельгия), Марко Вранчич ("Сток Сити", Англия), Мирослав Стеванович ("Серветт", Швейцария), Ади Налич ("Мальме", Швеция), Алмедин Зилькич ("Олимпия", Словения);
Шабуылшылар: Эдин Джеко ("Интер", Италия), Лука Менало ("Динамо" Загреб, Хорватия), Эрмедин Демирович ("Фрайбург", Германия), Смаил Превляк ("Эйпен", Бельгия).