Футбол
Бүгін 10:14
 

"Боруссияның" Германия кубогіндегі матчі жауапсыз соғылған 4 доп және автоголмен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Боруссияның" Германия кубогіндегі матчі жауапсыз соғылған 4 доп және автоголмен бітті ©"Боруссия" Дортмунд ФК

Дортмундтық "Боруссия" Германия кубогінің 1/32 финалында Гамбургтің ХЕБК клубын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Дортмундтық "Боруссия" Германия кубогінің 1/32 финалында Гамбургтің ХЕБК клубын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Гамбургтегі "Фолькспаркштадион" стадионында өтіп, алаң қонақтардың пайдасына аяқталды - 5:0.

Жеңімпаздар сапында Самуэле Инасио дубль жасады (41 және 45+2 минут). Сонымен қатар Даниэль Свенсссон (36-минутта) мен Фабиу Силва (59-минутта) бір-бір голдан соқты. 33-минутта ХЕБК қорғаушысы Янек Вреде допты өз қақпасына соңып жіберді (автогол).

"Боруссия" Бундеслигада өнер көрсетсе, ХЕБК Германия футболының күші жағынан бесінші дивизионында ойнайды. Дортмундтық клубтың келесі кезеңдегі қарсыласы 5 қыркүйекте өтетін жеребе қорытындысы бойынша анықталады.

Германия кубогінің қазіргі иегері - "Бавария". Мюнхендік клуб өткен маусымның финалында "Штутгартты" 3:0 есебімен ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!