"Боруссия" Дортмунд - "Бавария" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Боруссия" ФК твиттер желісінен
Бүгін, 26 мамырда дортмундтық "Боруссия" бундеслиганың 28-ші туры аясында өз алаңында "Бавариямен" ойынайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сигнал Идуна Парк" стадионында өтетін матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 22:30. Ойынды төмендегі сілеме арқылы өтіп, тікелей эфирде тамашалай аласыз. 

Сілтеме №1 >>>

Германия чемпионатында 61 ұпаймен "Бавария" көш бастап келеді, ал екінші орындағы "Боруссия" төрт ұпай кем жинады. 9 қарашада өткен айналымның бірінші ойнында мюнхендік команда дортмундтықтарды 4:0 есебімен ойсырата ұтқан.

Бундеслига 16 мамырда қайта жалғасты. "Бавария" содан бері "Унион" (2:0) мен "Айнтрахт" (5:2) командаларын, ал "Боруссия" өз кезегінде "Шальке" (4:0) мен "Вольфсбургті" (2:0) ұтты.
Жаңалықтар