"Боруссия" ЧЛ 1/8 финалының бірінші матчінде "Челсиді" ұтып кетті

©UEFA

Дортмундтық "Боруссия" Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші матчінде "Челсиді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Германияда өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 63-минутта Карим Адейеми салды. 

Ойын соңында екі команда футболшылары арасында жанжал туды. Осыған байланысты германиялық команданың екі ойыншысы Юлиан Райерсон мен Никлас Зюле, сонымен қоса, "Челси" сапынан Мейсон Маунт сары қағаз түрінде ескерту алды. 

Енді қарымта ойын 8 наурыз Лондонда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport