"Боруссия" ӘЧ-ге қатысқан франциялықты "Челсиге" сатуға дайын

©"Боруссия" ФК

"Челси" шабуыл шебін күшейту үшін әлі де футболшы іздеп жүр, деп хабарлайды "Чемпионат".

Лондондық клуб франциялық Маркус Тюрамды сапына қосқысы келеді. Менхенгладбахтық "Боруссия" маусым айында келісімшарты аяқталатын футболшыны қазір 8,5 миллион фунт стерлингке беруге дайын. 

Сонымен қоса, лондондықтар ПСВ вингері Чуквунонсо Мадуэкеге де қарайлап отыр. Оның трансфері қанша болатыны белгісіз. 

Еске салайық, біраз уақыт бұрын "Челси" мен "Атлетико" Жоау Феликсті жалға алу құқы бойынша келіссөзде бітімге келген.

Биылғы маусымда Тюрам "Боруссия" үшін 15 матчке қатысып, он гол салды және үш нәтижелі пас берген. Сонымен қоса, ол Франция құрамасы сапында екі ассист жасаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар