"Севилья" футбол клубы бас бапкер Юлен Лопетеги қызметінен босатылғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Бұл Чепиондар лигасы топтық кезеңіндегі матчте "Боруссиядан" оңбай ұтылғанынан кейін болды - 4:1. G тобында команда үш ойында бір ғана ұпай еншіледі.
Испания чемпионатында "Севилья" жеті матчте бес балл жинап, турнир кестесінде 17-орында келеді. Ол Ла Лигадан шығып қалуға шақ жүр.
Лопетеги команданы үш маусым жаттықтырып келеді.