Болгария құрамасы көлік апатына ұшырады. Бір ойыншыға ота жасалды

©Twitter / Visioner

Грузия астанасы Тбилисиде Болгария құрамасының ойыншылары мінген автобус жол көлік апатына ұшырады, деп жазады Болгария футбол одағының баспасөз қызметі.

Оқиға Болгария делегациясы екі автобуспен әуежайдан қонақ үйге келе жатқанда болған. Автобус жүргізушсі екінші автобуспен соқтығысқан.

Осының салдарынан "Ботев" жартылай қорғаушысы Тодор Неделевтің көзіне сынған әйнек қалдықтары кірген. Футболшыны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып барып ота жасады. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бірқалыпты.  

Еске салайық, 12 маусымда УЕФА Ұлттар Лигасының төртінші турында Грузия мен Болгария құрамалары кездеседі. 5 маусым күні Болгариядағы матчта грузиндер қонақта 2:5 есебімен жеңіске жеткен еді.

Грузия командасы 9 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұрса, Болгария 2 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport