"Болашағы зор екені көрініп тұр". Ресей құрамасының экс-бапкері қазақстандық футболшы туралы

Сурет: ЦСКА ФК
Мәскеулік ЦСКА мен Ресей құрамасын жаттықтырған белгілі бапкер Валерий Газзаев қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың ойынына баға берді. 

"ЦСКА-ға нәтиже тұрақтылығы жетпей тұр. Команда "Зенит", "Спартак", "Краснодар" мен "Локомотивке" алтын үшін айтарлықтай бәсекелес екені айтылғанына көп болған жоқ. Алайда бірқатар жеңістен кейін аяқ-асты түсініксіз ұтылыстар басталды. Командаға көшбасшы мінезді ойыншылар қажет. Акинфеев - Влашич - Фернандес үштігін үнемі айтамыз, бірақ, мұндай ойыншылардан кемі жетеу керек. 

Жаңа футболшылар жағдайды өзгертуі мүмкін. Зайнутдинов жақсы әсер қалдырды - бұл жігіттің болашағы зор екені көрініп тұр. Эджуке де жылдам, өзіне тән қаисттері бар. Дегенмен ол тактикалық тұрғыда икемді емес. Оны командалық әрекеттерге баулу қажет. 

ЦСКА жанкүйрелері клубтарын биіктен көруге үйренген. Енді жаңа ойыншылармен "әскерилер" жетістіктерге жетер деген үміттемін", - деп берді маманның сөзін "Спорт-Экспресс".