auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Боксқа бармасам, футболшы болар едім". Қамшыбек Қоңқабаев Еуро-2020 турнирінде кім жеңетініне болжамын жасады

"Боксқа бармасам, футболшы болар едім". Қамшыбек Қоңқабаев Еуро-2020 турнирінде кім жеңетініне болжамын жасады
сурет: Данияр Майлыбаев

Еуропаның 11 қаласында көптен күткен футбол тойы басталды. Әдетте мұндай айтулы жарыстарда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін көгілдір экраннан көз алмайтыны белгілі. Тіпті әншейінде ала допқа аңсары аумайтын ағайынның өзі көппен бірге доп додасын тамашалайды. Бір айға созылатын байрақты бәсекені отандық спортшылар да мүлт жібермей сүйікті құрамаларына қолдау көрсетеді. Солардың бірі бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының белді мүшесі – Қамшыбек Қоңқабаев.

- Қамшыбек, бір сұхбатыңызда бокс залын таңдамағанда футболшы болар едім деген екенсіз.  

- Себебі бала кезімнен футболды өте қатты жақсы көріп өстім. Расымен осыған дейінгі беріп келген сұхбаттарымда футболшы болуды армандағаным жайлы көп айтқанмын. Спорттық карьерамда боксшы болмасам, футболшы болар едім деп ойлаймын.

- Қандай футболшылардың ойын стилі ұнайды?

- Ең сүйікті ойыншым – Криштиану Роналду. Оның техникасына, қарапайымдылығына, еңбекқорлығына қайран қалам. Жасының келгендігіне қарамастан өзіне деген талабын түсірмейді. Биылдың өзінде Ювентус сапында жүріп А сериясының үздік сұрмергені атанды. Шетедік клубтарға тоқталсам, мадридтік "Реалдың" жанкүйерімін. Чемпиондар Лигасын ең көп ұтқан тарихы бай команда. Ал отандық клубтардың арасында Қызылорданың "Қайсарына" қолдау көрсетем.

- Еуро-2020 турнирінде қай құрамаға жанкүйер боласыз?

- Биылғы Еуро додасының қызық болатынына күмәнім жоқ. Өз басым Германия мен Испания құрамаларына жанкүйер боламын. Осы ұжымдарды фавориттер қатарына қосамын. Атап өткен командалардың стилі ұнайды. Әрине, кәрі құрлық біріншілігінде сенсациялар орын алып тұрады. Германия мен Испания жүлделі орындарға үміткер болса, хорваттардың қола жүлдеге таласатын мүмкіндігі бар деп ойлаймын. 2018-ші жылғы Ресейдегі футбол тойынан кейін балқандықтар жүйелі ойын өрнегін көрсетуі тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама