"Биік белестерді бағындыру үшін барымды саламын". Серхио Рамос жаңа клубына қатысты пікір білдірді

сурет: championat

ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос париждік клубқа ауысқаннан кейін мәлімдеме жасады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ең алдымен өз-өзіме әлі де жоғары деңгейде ойнай алатынымды дәлелдегім келеді. ПСЖ сапында әлемнің үздік футболшылары жиналған. Бұл команданың негізгі мақсаты – барлық жарыстардың көш басында болу. Жаңа ұжымда биік белестерді бағынду үшін барымды саламын", - дейді қорғаушы.

Еске салсақ, 30 маусымда Реалмен келісім-шарты аяқталған Рамос Францияға еркін агент агент ретінде барды. 2005 жылдан бері "бланкоспен" бірге 4 рет Чемпиондар Лигасын және 5 мәрте Ла Лиганың жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, Испания құрамасының сапында 2008, 2012 жылдары Еуропа және 2010 жылы әлем чемпионатында топ жарған.

Метки: