Бэйл өз құрамасының ӘЧ-ге шығуын ерекше атап өтпек

©Twitter

Гарет Бэйл Уэльс құрамасының әлем чемпионатына шығуын ерекше атап өтпек, деп жазады Чемпионат.

"Лос-Анджелес Гэлекси" клубының ойыншысы жуырда өзінің атымен аталатын сыра зауытын ашпақшы. Bale Ale немесе Bale Lager деп аталатын сыраның бір бөтелкесі 1,7 фунт тұрады.

Бұл туралы вингер әлеуметтік желіде жазды. Уэльс құрамасы мундиальда 64 жыл болмаған.

Ал ойыншының айтуынша, сыра бизнесінен түскен табыс Уэльстегі балалар футболының дамуына жұмсалады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар