Мадридтік "Реал" осы маусымда бірнеше футболшымен қош айтысуы мүмкін. Олардың қатарында Гарет Бэйл, Эден Азар, Иско, Марсело, Лука Йович және Хесус Вальехо бар, деп хабарлайды AS.
Мадридтіктер осы маусымда титулдарға таласты қайта бастады. Сондықтан командада өзгерістер басталды, ал келесі маусымнан бастап онда Килиан Мбаппе де болатынға ұқсайды. Клубқа басшылық сенім артып отырған Карло Анчелотти келді. Италиялық маман команданы қалай басқару керегін де біледі. Дегенмен командада экономиялық тұрғыда тиімсіз футболшылар бар.
Ол Иско, Марсело, Азар, Бэйл, Йович және Вальехо сияқты ойыншылар. Келесі маусымда олардың көбі клубтан кетеді. Бұдан үнемделген қаржыны испаниялықтар Мбапппені сапына қосуға және Винисиуспен келісімшартты ұзартуға жұмсамақ.