Бетінен темір шелекпен. Жанкүйерлер алаңға шығып кетіп футболшылармен төбелесті

18 желтоқсан 2022 15:18
©Видеодан кадр

Аустралия чемпионатының "Мельбурн Сити" мен "Мельбурн Виктория" арасындағы сегізінші тур матчі жанкүйерлердің тәртіпсіздігінен тоқтатылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 22-минутында "Мельбурн Сити" 1:0 есебімен ұтып жатқан болатын, осы кезде жанкүйерлер алаңға шығып кетіп, алаң қожайындарының қақпашысы Том Гловердің бетінен ұнтақ тола шеклекпен ұрған. Осыдан кейін төреші матчті тоқтатып, командаларды алаңнан алып шығып кетті. 

Видеодан байқағаныңыздай, жакнүйерлерді Гловердің алаңға түскен файерді кейін лақтырғаны ашуландырған болу керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport