Бетінен шап берді. Желіде Шакира мен Пикенің анасы арасындағы жанжал видеосы жылдам таралуда

©Видеодан кадр

Интернетте "Барселона" мен Испания құрамасының экс қорғаушысы Жерар Пикенің анасы мен бұрынғы жары Шакираның арасында болған келеңсіз жағдайдың видеосы жылдам таралуда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испаниялық БАҚ мәліметінше, оқиға 2016 жылы болған, алайда оны белгісіз біреу енді ғана жариялаған. Осыған қарап Шакираның енесімен қарым-қатынасы жақсы болмағаны көрінеді. 

Видеодан Пикенің анасы Монсеррат Бернабеу саусағын шұқшитып үндемеу керегін білдіріп, қатаң түрде бірдеңе айтып жатқаны көрінеді. Ал оған дейін енесі әншінің бетінен шап берген. 

Еске салайық, 45 жастағы Шакира мен 35 жастағы Пике 11 жылдай бірге тұрып, екі ай бұрын ресми түрде ажырасты. БАҚ мәліметінше, ажырасуға себеп Пикенің әншінің көзіне тоқтаусыз шөп салуы себеп болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар