"Барселона" бас бапкері Хави соңғы кездері жанкүйерлердің "каталониялық" клубқа деген көзқарасы жақсарғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Жанкүйерлер "Барселонамен" мақтанатындай дәрежеге жетті. Бірақ кез-келген сәтте сол жанкүйерлер сәтсіздіктен кейін бетіңе қара күйе жағады. Сондықтан, жақсы нәтиже тіркеу үшін өзімізге деген талапты әлсіретпеу керек", - дейді Хави AS басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Хави өткен жылдың қараша айынан бастап "Барселона" клубын жаттықтырып келеді. 41 жастағы бапкер испаниялық ұжыммен 2023/2024 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасқан.
Әзірге "каталондықтар" турнир кестесінде 29 матчта 57 ұпаймен екінші орында тұрса, 30 ойында 69 ұпай жинаған "Реал" бірінші келеді.