Футбол
10 маусым 2020 10:14

"Бетіме тапанша тақады". "Милан" футболшысына қарақшылық жасалды

Сурет: Football.ua
"Миланның" жартылай қорғаушысы Самуэль Кастильехо Италияда өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

"Миланда бәрі дұрыс па? Екі жігіт тапаншаны бетіме тақап тұрып тонап кетті", - дейді Кастильехо Instagram желісіндегі сторизінде.

MilanNews мәліметінше, футболшы көлік рөлінде отырғанда сағатын тартып алған екен.

Кастильехо "Милан" сапына 2018 жылы "Вильярреалдан" ауысқан. Трансфер соммасы 21,3 миллион еуро болған. Биылғы маусымда 25 жастағы испаниялық хавбек Италия чемпионатының 16 матчінде (12 ойын негізгі құрамда) екі нәтижелі пас берді.

26 турда 36 ұпай жинаған "Милан" А сериясының турнир кестесінде жетінші келеді. Команданың келесі ойыны 22 маусым сырт алаңда "Лечче" клубымен болады.