Футбол
Бүгін 10:04

"Бетис" 5:2 есебімен ұтып "Реалды" Ла Лиганың топ-3 тізімінен ығыстырды

©Depositphotos/Musiu0

Испания чемпионатының 8-туры аясында өз алаңында "Осасунаны" 5:2 есебімен ұтқан севильялық "Бетис" турнир кестесінде үшінші орынға көтеріліп, мадридтік "Реалдан" озып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бетис" матчты сенімді бастады

Алаң иелері есепті ойынның 10-минутында ашты. Иско пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Ал 31-минутта Абде Эззалзули севильялықтардың басымдығын еселей түсті.

Екінші таймның басында қонақтардың жағдайы одан әрі қиындай түсті. 48-минутта "Осасуна" шабуылшысы Анте Будимир допты өз қақпасына соғып алып, есеп "Бетистің" пайдасына 3:0 болды.

"Осасуна" есепті теңестіруге жақын қалды

Ірі есеппен ұтылып жатқанына қарамастан, қонақтар беріле салмай, барын салды. 51-минутта Будимир автоголының орнын толтырып, қарсылас қақпасына гол соқты. Осылайша, есеп айырмасы екі голға қысқарды.

56-минутта Рауль де Аро тағы бір гол соғып, "Бетистің" басымдығын бар болғаны бір голға дейін қысқартты - 3:2. Алайда "Осасунаға" камбэк жасау мүмкін болмады.

67-минутта Иско дубль жасап, алаң иелерінің басымдығын нығайтты. Ал қосымша уақытта, 90+6-минутта Жозе Моранте "Бетистің" бесінші голын соғып, матчтың түпкілікті есебін белгіледі - 5:2.

"Бетис" үшінші орынға көтерілді

Осы жеңістен кейін "Бетис" 19 ұпай жинап, Ла Лига турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал 18 ұпайы бар мадридтік "Реал" төртінші сатыға сырғыды. Сегіз ұпай жинаған "Осасуна" 15-орында тұр.

Чемпионат көшін 24 ұпайы бар каталондық "Барселона" бастап келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport