Түркиялық "Бешикташ" мәскеулік ЦСКА-да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновпен келісімге келді, деп хабарлайды Sports Digitale.
Қазіргі таңда мәскеулік және түркиялық клуб арасындағы келіссөз жалғасып жатыр. Ресейлік клуб қазақстандықтың трансфері үшін сұраған бастапқы соммасын төрт миллион еуроға дейін түсірді.
Еске салайық, "Бешикташ" Зайнутдиновтың трансфері үшін ЦСКА-ға үш миллион және тағы сонша бонус ретінде ұсынған. Мәскеулік клуб бірден алты миллион сұрап отыр.
25 жастағы Зайнутдиновтың ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы "Ростовтан" екі миллионға өткен. Transfermarkt порталы Бахтиерді алты миллионға бағалап отыр.