"Бешикташ" қазақстандық футболшының жарақатына қатысты мәлімдеме жасады

©twitter.com/SutSpor

"Бешикташ" футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Зайнутдиновке "Истанбул Башакшехир" қорғаушысы Джером Опокудың шынтағы тиіп, матчтің 41-минутында алаңнан кетуге тура келді. 

"Футболшымыз Бахтиер Зайнутдиновтың матч кезінде тиген соққыдан мұрны мен бетінің көз ұяшығы тұсындағы сүйегі сынған. Оның мұрны түзетіліп, оның қозғалып кетпеуін қамтамассыз ететін ота жасалды", - делінген клуб хабарламасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport