"Бешикташ" футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Зайнутдиновке "Истанбул Башакшехир" қорғаушысы Джером Опокудың шынтағы тиіп, матчтің 41-минутында алаңнан кетуге тура келді.
"Футболшымыз Бахтиер Зайнутдиновтың матч кезінде тиген соққыдан мұрны мен бетінің көз ұяшығы тұсындағы сүйегі сынған. Оның мұрны түзетіліп, оның қозғалып кетпеуін қамтамассыз ететін ота жасалды", - делінген клуб хабарламасында.