Футбол
Бүгін 09:46
 

Бес матчта 8 гол салған Рафиньяға еуропалық гранд көз тігіп отыр

  Пікірлер

blog.share

Бес матчта 8 гол салған Рафиньяға еуропалық гранд көз тігіп отыр ©"Барселона" ФК

Бразилиялық шабуылшы Рафинья жаңа маусымды жарқын бастап, бірден бірнеше еуропалық және саудиялық клубтың назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бразилиялық шабуылшы Рафинья жаңа маусымды жарқын бастап, бірден бірнеше еуропалық және саудиялық клубтың назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рафинья бес матчта сегіз гол соқты

Рафинья маусымның алғашқы бес матчында барлық турнирде сегіз гол соқты. Ол Луис Суарес заманынан бері "Барселонаның" бірінші бес кездесуінің бәрінде гол соққан алғашқы ойыншы атанды. 

"Фейеноордқа" қарсы соңғы матчта бразилиялық дубль жасап, каталондық клуб 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Ханси Флик Рафиньяның алаңдағы рөлін өзгертіп, оған айып алаңына жақынырақ ойнауға еркіндік берді. Бразилиялық футболшы алаңда белсенді қозғалып, қарсыласына қысым көрсетіп, шабуылға алыстан қосылады. Бұл оған қарсылас қақпасына жиі жақындауға мүмкіндік беріп отыр.

Рафиньяға топ-клубтар қызығушылық танытты

El Nacional мәліметінше, футболшының жоғары нәтижелілігі оған деген қызығушылықты қайта арттырған. Рафиньяны "Әл-Хиләл", "Әл-Наср" және "Әл-Иттихад" клубтары мұқият бақылап отыр. Саудиялық командалар бразилиялық үшін шамамен 90-100 миллион еуро ұсынуға дайын болыпты. Сондай-ақ "Пари Сен-Жермен" де Рафиньяның кандидатурасын қарастырған екен.

Енді бұл қатарға "Арсенал" қосылды. Лондондық клуб қыста Рафиньяны қатарға қосуға әрекет жасауы мүмкін. Микель Артета команда құрамын күшейту үшін шабуыл шебінде бірнеше позицияда ойнай алатын футболшы іздеп жүр.

Сонымен қатар Рафиньяның "Барселонамен" келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған. Футболшының өзі клубтан кетуге ниеті барын көрсеткен жоқ. Ал каталондық клуб төрт жыл бұрын "Лидстен" 58 миллион еуроға сатып алған негізгі ойыншыларының бірімен оңай қоштасуға ниетті емес.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!