Бес жыл әлемдегі ең мықты қақпашы болған "Қайрат" капитанына операция жасалды

©instagram.com/afckairat

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" командасының капитаны Лео Игитаға Бразилияның ауруханасында операция жасалды. Алматылық клубтың баспасөз қызметі футзалшының арқасына ота жасалғанын хабарлады. 

Операция сәтті өтіп, спортшының жай-күйі жақсы екені хабарланды. Енді оған қалыпқа келу үшін 8-12 апта уақыт қажет. 

36 жастағы қақапашы алматылық клубта 2011 жылдан бері ойнап келеді. Содан бері командамен Құрлықаралық кубок (2014), УЕФА кубогі (2013, 2015) және Қазақстан кубогін бірнеше рет жеңіп алған болатын. 

Қазақстан құрамасы сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатының қоласын иеленген.

Futsalplanet.com тұжырымы бойынша әлемдегі ең мықты қақпашы (2015, 2016, 2018, 2019, 2020 жылдар).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: