"Бёрнли" бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің екінші турында командасының "Вест Бромвичтен" ұтылғанына қатсты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның шәкірттері сырт алаңда 1:3 есебімен ұтылды. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев "Бёрнли" сапындағы дебютін жасап, 57-минутта алаңға қосалқы құрамнан шықты.
"Біріншіден, біздің жеңілісіміз әбден заңды болды. Меніңше, қарсылас энергия жағынан бізден басым түсті. Олар мұны алаңда дәлелдеп, жекпе-жектерде және допқа таласта басымдық танытты.
Біз тым баяу ойнадық. Өткен аптада көрсеткен деңгейімізден алыс болдық. Ойыншыларға мынаны анық айттық: ең жоғары деңгейімізде ойнасақ, шынымен де мықты команда боламыз. Бірақ бүгінгідей матчтар өткізсек, қарапайым ортаңғы деңгейдегі командаға айналамыз.
Өткен аптада дұрыс жасаған дүниелеріміздің бәріне қайта оралуымыз керек. Өйткені бүгінгі ойынымыздың сапасы өте төмен болды", — деді береді Хайеннің сөзін клубтың баспасөз қызметі.
Екінші таймдағы ойын туралы
"Мұндай деңгейді әр апта сайын көрсету керек. матчтар аптаның ортасында өтсе де, бұл маңызды емес. Жақсы ойыншы мен топ футболшының айырмашылығы да осында - қиын кезде де, шаршаған кезде де әрдайым нәтиже көрсетуің керек. Бар мәселе - менталитетте.
Жекпе-жектер мен допқа таласқа қатысты айтатын болсақ, матчтың соңында бәрін өздеріңіз көрдіңіздер. Қарсылас допты трибунаға қарай тепті. Егер доптың жолында біреудің аяғы тұрса, оны да доппен бірге трибунаға ұшырар еді. Ал біз керісінше, допқа батыл барудың орнына аяғымызды тартып қалдық. Бұл - біз жақсартуымыз керек тұс.
Екінші таймда тактикалық құрылымымызды жоғалтып алдық. Ойыншыларымыздың дене қимылынан өзгерісті байқауға болатын еді. Өткен аптада олардың әрекеттерінен сенімділік көрінсе, бүгін оларға өте қиын болды. Өзіңнің және сырт алаңдағы матчтардың арасында айырмашылық болмауы керек. Біз әрдайым бірдей футбол ойнағымыз келеді. Бұл бағытта жақсаруымыз қажет.
Әрине, қосалқы құрамда қалғып, көңілі түсіп кеткен ойыншылар бар. Бірақ олар алаңға ауысыммен шықса, командаға жаңа энергия әкелуі тиіс. Әсіресе команда жеңіліп жатқан кезде өкпелей бермеуі керек. Біздің әлі де жұмыс істейтін мәселелеріміз көп. Бірақ мұндай жағдай болатынын біз білдік. Бізге аздап уақыт қажет. Дегенмен футболда ешкім уақыт бермейтінін жақсы түсінемін. Біз біртіндеп алға жылжып келеміз, бірақ бүгінгі матч нашар өтті", - деп атап өтті Хайен.
Келесі матч туралы
"Барлық ойыншыны бабында ұстағымыз келетіндіктен, құрамда ротация жасаймыз. Әркім команда үшін өзінің деңгейін дәлелдеуі керек.
Мен үшін негізгі құрамдағы ойыншы мен өтінімдегі 18 ойыншының айырмашылығы жоқ. Олардың барлығы сапалы футбол көрсетуге міндетті. Бүгін негізгі құрамда шыққан ойыншылардың өзі мүмкіндіктерінің жартысын да көрсете алмады.
Біздің клуб үшін әр матч маңызды. Біз - топ-клубпыз. Бұл әр кездесуде жеңіске жеткіміз келетінін және бізден дәл осыны күтетінін білдіреді.
Күшімізді дұрыс бөлуіміз керек. Сондықтан сәрсенбі маңызды күн болады", - деп сөзін қорытындылады Хайен.
"Бёрнли" келесі ойынын Лига кубогінің 1/32 финалында сырт алаңда "Брэдфорд Ситиге" қарсы өткізеді.
Еске салайық, осы жазда Дастан Сәтпаев ресми түрде "Челси" ойыншысы атанды. Лондондық клуб сапында бірнеше бақылау матчын өткізіп, өзінің алғашқы голын соқты. Кейін "көкшілдер" "Қайрат" академиясының түлегін 2026/27 маусымының соңына дейін "Бёрнлиге" жалға беруге шешім қабылдады.
Жарнама