Бернарду Силва дерби алдында Роналду жайлы пікір білдірді

©getty images

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Бернарду Силва Криштиану Роналду жайлы пікір білдірді.

"Менің ойымша Роналдуды алаңда тоқтату оңай шаруа емес. Ол "Юнайтедтің" соңғы матчтарында командасының маңызды голдарын соғып жүр. "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойында біз Криштиануды тоқтатуға бар күшімізді саламыз. Алайда біз тек португалиялыққа қарсы емес, жалпы қызыл сойқандарға қарсы ойнаймыз. Сондықтан қарсыласымыздың барлық футболшысына емін-еркін доп тебуіне мүмкіндік бермейміз", - дейді жартылай қорғаушы дерби алдында.

Еске салайық, 6 қарашада Англия чемпионатының 11-турында әйгілі Олд Траффордта Сульшер шәкірттері "Манчестер Ситиді" қабылдайды. Әзірге 20 ұпайы бар "қалалықтар" турнир кестесінде үшінші орында тұрса, "Манчестер Юнайтед" 17 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: