Футбол
28 тамыз 2022 14:34

Бердыевтың командасы шетелдік чемпионатта аутсайдер болды

©"Трактор" ФК

"Қайраттың" бұрынғы бас жаттықтырушысы Курбан Бердыев ирандық "Трактордағы" жұмысын сәтсіз бастады. Жергілікті чемпионаттың бастапқы үш айналымында оның командасы небәрі бір ұпай жинады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жақында ғана өткен "Фуладпен"  ойында Бердыевтың командасы 2:3 есебімен ұтылды. Бұған дейін "Трактор" тәжірибелі маман жетекшілігімен "Зоб Аханмен" тең түсіп, "Гол Гохарға" есе жіберген еді. Осылайша, тебриздік команда Иран біріншілігінде ең соңғы орындардың бірінде. 

Алайда Бердыевтың ізінала "Трактор" сапына қосылған "Қайраттың" бұрынғы капитаны Рикарду Алвеш  үшін барлығы ойдағыдай өтуде. Үш матчта португалиялық үш ассист авторы атанды. 

Жаттықтырушылықтан бөлек, Бердыев "Тракторда" техникалық  директор қызметін де атқарады. Ашып айтқанда, ол академия ісін үйлестіреді және клуб инфрастукрасының жақсаруына жұмыс істеуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport