"Қайрат" командасында бақылауда болған ресейлік футболшы Максим Карпов алматылық команданың бас бапкері Құрбан Бердыевтің көңілінен шықпай, клубтан кетіп қалды, деп хабарлайды Instagram-дағы AlatauFans парақшасы.
26 жастағы "Зенит" командасының тәлімгері өз отанында "СКА-Хабаровск", "Ротор", "Крылья Советов" және "Химки" сапында ойнаған.
Ол осыған дейін Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасына шақырту алып тұрған. 2016 жылы күзде Еуро-2017 турнирі алдында Ресей жастар құрамасы сапында төрт кездесу өткізген.