auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бердыев "Қайраттың" бас бапкері дей берсе болады". Белгілі комментатор "Маккабимен" қарымтаға болжамын айтты

"Бердыев "Қайраттың" бас бапкері дей берсе болады". Белгілі комментатор "Маккабимен" қарымтаға болжамын айтты
Сурет: Ермұхамед Мәуленнің жеке мұрағатынан

Белгілі комментатор, Қазақстан Футбол Федерациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ермұхамед Мәулен "Қайрат" пен "Маккаби" кездесуінің алдында Vesti.kz тілшісіне сұхбат берді. 

- Ермұхамед, ел біріншілігінде жазғы трансферлік маусым ашылысымен, командалар қатарына жаңа ойыншыларды қосып жатыр. Осы орайда Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғап жатқан "Қайрат" та біраз футболшымен келісімшарт жасасты.

- Расымен Қайрат Советайұлы Боранбаев тамаша трансферлер жасап жатыр. Атап айтқанда, командада шабуыл шебінде ойнайтын Вагнер Лав пен Хосе Кантенің керемет жұп құрып жүргенін білеміз. Сондықтан алматылықтар қазір қорғаныс пен жартылай қорғаныс шебін күшейтіп жатыр. Бельгияның чемпионатында доп теуіп келген Ян Вороговскийді қатарына қайта қосып отыр. Вороговскийдің әмбебап ойыншы екенін ескерсек, алматылық ұжым сапалы трансфер жасады деп айтуға болады. Ұлттық құрама ойыншысы үшін Чемпиондар Лигасында өнер көрсету жақсы мүмкіндік.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Olimpbet Қазақстан чемпионатының тұрақты сұрмергені бразилиялық Жоао Пауло да "Қайрат" шабуылын күшейтері анық. Пауло мен Вагнер бір тілде сөйлесетіндіктен сұмдық тандем болары анық. Жуырда алматылықтар "Барселона" академиясының түлегі Маки Баньяк деген ойыншымен келісім-шартқа отырды. Орталық қорғаныс шебінде Раде Дугаличтің жиі қателік жасайтынын білеміз. Бұл ретте Баньяк Дугаличтің орнын басуы тиіс. "Оренбург" командасынан ауысып келген жартылай қорғаушы Рикарду Алвештің әзірге деңгейін білмейміз. Дегенмен еурокубок пен ел чемпионатында ойнап, 2-3 аптада бабына келеді деп ойлаймын.

- Маусым ортасында бапкер ауыстырған "Қайрат" басшылығының қадамын қаншалықты дұрыс деп бағалайсыз?

- "Өткелде ат ауыстырмайды" деген жақсы сөз бар емес пе? Сондықтан бір жағынан дұрыс емес те шығар. Бірақ, Қайрат Советайұлы Шпилевскийді қызметінен босатқанын қолдаймын. Алексей Николайұлы "Қайрат" клубына берерін берді. Бұдан ары бапкер ретінде дамуына күмәнім бар. Оған Германияның екінші Бундеслигасында өнер көрсететін "Эрцгебирге" командасынан ұсыныс түсті. Беларус жаттықтырушысының өзі де сол жаққа кеткісі келді. Бір жағынан Шпилевский неміс тілді маман болып табылады. Доминик Тедеско, Юлиан Нагельсман деген жас бапкерлер плеядасын жалғастырғысы келеді. "Қайраттың" ойыны дамымай бір орында тұралап қалды. Оның үстіне "Астана" мен "Қайрат" арасындағы матчта Вагнер Лав пен Шпилевскийдің арасындағы кикілжіңді бәріміз жақсы білеміз.

Бразилиялықтан құтылғанша жас маманды өзге командаға жібергені оңай шешім болды деп ойлаймын.

- Қазіргі бапкерлік штабқа көңіліңіз тола ма?

- Қазіргі таңда "Қайратты" білікті мамандар жаттықтырып жатыр деп айта аламын. Әлбетте, оқырман қауым Кирилл Кекерді тәжірибесі аз деп ойлауы мүмкін. Алайда команданың жаттығу процесін, алаңға кімнің алмасып шығатынына дейін шешім қабылдайтын бір кісі бар. Ол Құрбан Бердыев. Тәжірибесі мол Құрбан Бекиұлы Қайрат Советайұлының кеңесшісі екенін жақсы білесіздер. Сондықтан "халықтық" команданың бапкерлік штабы мықты деп есептеймін. Құрбан Бердыевтың "Мен футбол көрмеймін, мен футбол зерттеймін" деген жақсы сөзі бар. Ол кісі футболды зерттеу арқылы әрбір сатистиканы, инстат, барлық жағдайды көзімен көріп кездесу барысында шешім қабылдап отырады. Оның үстіне Бердыевтың кумирі болған Константин Бесков та кезінде ойынды трибунадан тамашалап отыратын. Сондықтан "Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердыев деп жазуға әбден болады. Әрине ресми хаттама бойынша олай емес.

- УЕФА биылдан бастап еурокубокте сырт алаңдағы голдың маңызын алып тастады. Бұл жаңашылдық қаншалықты тиімді болады деп ойлайсыз?

- Сырт алаңдағы голдың маңызын алып тастауды дұрыс шешім деп есептеймін. Алайда бірінші ойында 1:1 есебінен кейін, ескі ереже бойынша басымдық "Қайратта" болар еді. Бір жағынан "Маккаби" "Орталық" стадионда есепті 2:2 дейін жеткізуі мүмкін. Ондай жағдайда отандық командамыздың жағдайы қиын болар еді.

- Бүгінгі ойынға болжамыңыз қандай?

- Екі команда осыған дейін кездескен. Өкінішке қарай, былтыр пандемияға байланысты жеңімпаз бір ойында анықталғандықтан "Маккабидің" жолы болды. Есе қайтаратын кез келді. Оның үстіне жоғарыда айтқанымдай, "Қайрат" сапалы трансфер жасады. Былтырғы маусымда доп тепкендердің біразы командада қалды. Менің ойымша алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетеді.

Еске салайық, бүгін Чемпиондар Лигасының бірінші айналымында "Қайрат" пен Хайфаның "Маккабиі" қарымта матч өткізеді. Израильде 1:1 есебімен тең түсіп, алматылықтар сапында қорғаушы Нұралы Әліп ерекшеленген. Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен елорда уақытымен 20.00 бастап тамашалай аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама