Ирандық "Трактор" клубының бас бапкері Курбан Бердыев Ресейден ұсыныс түскендіктен команда басшылығын өзін босатуды сұрады.
"Кейінгі күндері Ресейге оралуым туралы мәселе туындады. Осыған байланысты клуб басшылығын мені босатуды сұраймын. "Трактордан" қажеттілік туындағандықтан кетемін, ресейлік футболға қажеттілігім мен моральдік борышым болғандықтан. Мен осы елге оралуым керек", - деп береді Бердыевтің сөзін ирнадық клубтың ресми сайты.
Бапкер сөзінің соңында ирандық командаға өзіне жасалған жағдай үшін алғысын білдіріп, жергілікті жанкүйерлермен танысқандығын атап өтті.