Бензема Сауд Арабиясында қиындау жағдайға тап болды
©AFP
"Әл-Иттихад" шабуылшысы Карим Бензема келісімшарты аяқталғанша Сауд Арабиясында қалатын сияқты.
"Әл-Иттихад" шабуылшысы Карим Бензема келісімшарты аяқталғанша Сауд Арабиясында қалатын сияқты.
Мұның алдында франциялық форвард Еуропаға оралғысы келетінін мәлімдеп, командамен жаттығудан шеттелген болатын. Алайда Бензема бұл қауесеттерді жоққа шығарып, журналситерді айыптаған.
Diario AS мәліметінше, "Әл-Иттихад" жағдайды шешу үшін Бенземаға бірнеше жол ұсынды. Клуб футболшыны жалға да беруге дайын, алайда тек Сауд Арабиясының ішінде ғана.
Мәселе "Әл-Иттихад", "Әл-Наср", "Әл-Хиләл" және "Әл-Ахли" клубтарын қаржыландыратын мемелекеттік инвестициялық қор футболшыны елден шығармақ еместігінде болып тұр.
Жарнама