Бензема Роналдудың қасына баратынға ұқсайды

©"Чемпионат"

Саудиялық "Әл-Иттихад" шабуылшысы Карим Бензема қысқы трансферлік кезеңде клубын ауыстыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Goal мәліметінше, Бензема саудиялық Про-лигадағы өз ойнына көңілі толмайтындықтан "Әл-Иттихад" сапынан кетпек. Клуб футболшыны басқа командаға жіберуге дайын, алайда тек Сауд Арабиясы аумағында және жалға беру құқымен ғана.

Шабуылшы Эр-Риядтағы командаға ауысатыны айтылуда. Ал онда тек екі команда бар: "Әл-Хиләл" және Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүрген "Әл-Наср". 

Еске салайық, 36 жастағы Бензема "Әл-Иттихад" сапына 2023 жылы жазда қосылды. Франциялық шабуылшының саудиялық клубпен келісімшарты 2026 жылға дейін жасалған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport