Бензема Роналдудың ЧЛ-дегі рекордына қатысты ойын айтты

©Football.ua

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасындағы Криштиану Роналдудың голдар саны бойынша рекордына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалиялық ойыншы бір еуро маусымда 17 гол соққан. Ал Бензема "Ливерпульмен" финал алдында 15 гол салып отыр. 

"Роналдудың ЧЛ-дегі голдар саны бойынша рекорды? Рекордтар әрдайым болады, бірақ, ол көрсеткіштер  одан асып түсу үшін керек. Мен үшін бастысы - алаңда барыңды салып, командаға жеңіске жетуге көмектесу. Гол салуға немесе нәтижелі пас беруге мүмкіндік болса, ол өте маңызды. Дегенмен бірінші орында жеңіс", - деп береді Бенземаның сөзін УЕФА ресми сайты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport